Желіде алғашқы ірі жол бойындағы қызмет көрсету кешені жайлы пікірлер жазыла бастады

625

Жоба ҚР ИИДМ, "ҚазАвтоЖол" жəне "Compas" компаниялары арасында жасалған келісімнің аясында жүзеге асуда. 

Желіде  алғашқы ірі жол бойындағы қызмет көрсету кешені жайлы пікірлер жазыла бастады

Əлеуметтік желіні пайдаланушы еуропалық стандарттар бойынша  жабдықталған жобаның ұнағанын жеткізді. Əсіресе, жуыну бөлмелері мен намазхана жайлы ерекше айтып өтті.

Айта кетейік, кешен Алматы-Талдықорған тасжолының 20-шақырымында тұрғызылды. Оның аумағында 14   автокөлік пен 2 электромобильге арналған жанармай бекеті, сондай-ақ жүк көліктерге арналған тұрақ бар. Аумағы 1000 шаршы метр болатын ғимараттың ішінде саяхатшылар үшін асхана, жеңіл тағамдар мен кофенің кең таңдауы бар экспресс-кафе жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кешенде намаз оқуға арналған намазхана да бар.

Кешен мүгедектерге арналған санитарлық аймақтарды қоса, көп орындық дәретханалармен және душ бөлмелерімен жабдықталған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу