Жеңіл өнеркәсіп өкілдері сенаттан жаңа заңды қайта қарауды сұрайды

1104

Бүгін Астанада мемлекеттік қорғаныс тапсырысынан отандық шикізаттасымалдаушылардың қатысуын алып тастау туралы баспасөз-мәслихаты өтті. 

Жеңіл өнеркәсіп өкілдері сенаттан жаңа заңды қайта қарауды сұрайды

Отандық шикізат тасымалдаушылар мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатыса алмай отыр, деп хабарлайды .

Еске салсақ, ҚР парламенті мәжілісінде үстіміздегі жылдың желтоқсан айында "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" заң жобасы мен "Қорғаныс және аэроғарыш қызметі мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау аяқталды. Бұл өзгерістер шикізат пен дайын өнім өндірушілерінің бірлестіктерін ынталандырып, мемлекеттік тапсырыстың кепілдендірілген көлемі негізінде жеңіл өнеркәсіптің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге тиіс еді.

Алайда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" жаңа заң жобасында заңды тұлғалардың бірлестігін (консорциум) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын (МҚТ) орындаушы ретінде қабылдамай қойды. Осылайша министрлік консорциумдардың 2016 жылдан бері МҚТ жүйесіндегі оң жұмысын біле тұра, бизнестің зауытаралық кооперация моделін елемей, кешенді мемлекеттік тапсырыстарды шешу мақсатында бизнестің заңды бірігу құқығына қысым жасап отыр. Бұл жеңіл өнеркәсіп саласының тиімді өндірістік қызметіне қауіп төндіріп отыр.

Жаңа заң жобасындағы жаңашылдықтар өңдеу секторындағы 40 астам кәсіпорынның жабылуына және жұмысшылардың қысқаруына әкелуі мүмкін. Ал бұл дегеніміз – 13 өңірдегі 6 мыңнан астам адам. Оның 90 пайызға жуығы – әйелдер. Сонымен қатар заң жобасы тауарлардағы қазақстандық үлестің азаюуына әсер етеді. Бұл өз кезегінде импортты алмастыру жөніндегі мемлекеттік саясатқа қайшы келеді.

2016 жылдан бері осы күнге дейін заттық мүлікті консорциалдық тасымалдау механизмі мемлекеттік қорғаныс тапсырысында тиімді жұмыс істеп келеді.

Естеріңізде болса, 2016 жылы "Жасампаз" консорциумы құрылып, ол мата, фурнитура және дайын өнім өндірушілерін біріктірді. Екі жылдың ішінде консорциум айқындалған мақсаттарға жету үшін кәсіпорындардың бірігу тиімділігін дәлелдеді. Кәсіпорындар жұмыс көлемі мен түрлерін өздері үлестіріп, бір-бірін қадағалайды, және шығарылған өнімнің сапасын тексереді.

Бизнес-қауымдастық ҚР парламенті сенатының депуттарынан еліміздегі шикізат кәсіпорындарының жаңғыруына септігін тигізіп, заманауи әлемдік тенденцияларға жауап беретін зауытаралық кооперациялар моделін жетілдіріп отырған отандық жеңіл өнеркәсіп тауар өндірушілерінің пікірін елеп-ескеруді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу