Жер телімдерінің салығына қатысты түйткілдер туындады

634

Қостанай облысында елді мекендердегі ауыл шаруашылық жерлерінің салығы 10 есеге жуық көбейеді. 

Жер телімдерінің салығына қатысты түйткілдер туындады

Құзырлы орган салықты гектарына емес, шаршы метріне есептемек. Кәсіпкерлер палатасы мұндай шешім бизнес өкілдерінің наразылығын тудырып, жағдайды ушықтырады деп санайды. Осыған орай, мәселені шешу жолдарын талқыға салды.

Тобыл өңірінде ауыл-аймақ пен елді-мекен аумағында орналасқан 25 мың гектар жер  кәсіпкерлерге шабындық пен жайылым үшін жалға берілген. Яғни, ауыл тұрғындары малын бағып, шөбін шабатын жерлерді мемлекеттік мекемелер бизнес өкілдеріне  таратып жіберген. Оның есебін ешбір жерде көрсетпепті. Мұны құзырлы органдар мемлекет басшысы барлық жерге ревизия жүргізіп, жайылым мәселесін шешуді тапсырғаннан кейін анықтады. Енді  базалық мөлшерлемемен емес, шаршы метріне 6,27 теңгеден төленбек. 

"Гектарына емес, шаршы метріне есептегенде салық көлемі 10 есеге жуық өседі.  Әрине, бұл кәсіпкерлер үшін қомақты сома. Салық кодексіне 2019 жылы өзгерістер енгізілген. Демек, олар соңғы 3 жылға осы сомамен есеп айырысуы тиіс. Әрине, бұл жағдай оларды тығырыққа тірейді", дейді Облыстық кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Владимир Шакун.

Мемлекеттік кірістер департаменті әзірге салық төлеушілерге есеп айырысу жөнінде хабарлама жібермеген. Әуелі, құзырлы мекемелер құжаттарды түзеуі қажет. Яғни,  жер қатынастары басқармасы келісім-шарттарды қайта қару керек.

"Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше 174 жер телімі анықталды. 40 шаруа қожалығына тиесілі 89 жер телімі тізімнен шығарылып, қайтадан базалық мөлшерлемеге көшірілді. Оларға бір жылға 287 млн теңге салық есетелген болатын. Енді қалған 85 жер телімі үшін жылына 90 млн теңге салық төленуі тиіс", дейді Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дамир Насыров.

Шағын шаруа қожалықтары үшін миллиондаған салық төлеу әрине қиындықтарға әкеп соқтырары рас. Мамандар, бұл жағдайда салық кодексіне өзгертулер енгізу қажет деп санайды.

"Салық кодексінде елді мекен аумағында фермерлік не шаруа қожалығы үшін берілген жерлер деп бөліп көрсетіп,  жеке норматив белгілеу қажет. Заңнамаға өзгерістер енгзісек қана бұл мәселеге нүкте қойылады. Сонда ғана біз мемлекеттің, әрі бизнестің де мүддесін қорғаймыз. Жиналғандардың айтуынша Заңда мұндай жер телімдері қалай есептелуі керек нақты көрсетілмеген. Сондықтан осындай мәселелер еліміздің ар аймағында болуы мүмкін", деді Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Татьяна Соболева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу