Жергілікті тыңайтқыш көлемін арттыруға үкіметтен қолдау қажет - шаруалар

795

Елдегі ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштың 90 пайызы көрші мемлекеттерден импортталады. Онсыз да бағасы қымбат болған оның құны Ресейдегі санкцияға байланысты мүлде шарықтаған. 

Жергілікті тыңайтқыш көлемін арттыруға үкіметтен қолдау қажет - шаруалар Фото: aikyn.kz

Ал атыраулық шаруалар: "милиардтарды далаға шашпай, сол тыңайтқышты жергілікті жерде өндіру керек",- дейді. Қанатқақты жобаға қолдау да күтіп отыр. 

Атыраулық шаруалар баламасы жоқ биоорганикалық тыңайтықышты  шылаушын құртымен өңдейді. Кейін оны егінге қолданады. Химиялық қоспасы жоқ боигумус  жеміс-жидектің құнарлығын арттырып, дәрумендік қуатын күшейтеді. Бүгінде кооператив қорында 1 мың текше метрге жуық биогумус бар. Бірақ бұл жергілікті сұранысты толық қамтуға жетпейді. Ал көлемін арттыруға техника мен қаржы мәселесі қолбайлау. 

"Бізде шикізат өте тапшы. Қазір өз күшімізбен техника жалдап, камаз жалдап, өзіміз әкелеміз бәрін.Ауылдық жерлерде сол шикізатты далаға қоқысқа төгеді мысалы. Соған бізге арнайы полигонный поле ашып берсе, сол жерге бәрін жинап берсе, сол бізге үлкен көмек болар еді. Саланы дамытып, көп өнім алуға көмек көрсетер едік", дейді Кооператив төрағасы Асқар Құлман.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштың 90 пайызы шетелден тасымалданады. Дені Ресей, Белорусия және Украинадан импортталады. Көрші елдегі ахуалға байланысты бағасы біраз шарықтаған. Зияны да жоқ емес.

"Дүниежүзінде қазір органикалық тыңайтқышқа деген сұраныс өсіп отыр. Білесіздер, біз өз өнімдерімізді Ресейге өткізе алмай, қанша помидор қияр бәрі шіріп кетіп жатыр. Ол неден, ол нитраттың жоғары болуынан.Нитраттың жоғары болып кетуі қай мемлекетке де өзінің қаупін тигізеді", дейді Жоба жетекшісі Пернебек Оразұлы. 

Өңірде егіншілікпен айналысатын 400 ге тарта шаруашылық бар. Мемлекет оларға 4 бағыт бойынша субсидия береді. Соның ішінде минералды тыңайтқыштарға да қаржы қарастырған. Биыл жауапты басқармадағылар бұл бағытқа 78 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.

"Былтыр тыңайтқыштарға 68 млн теңге бөлдік. Биыл ол 78 млн ға дейін артып отыр. Жеткілікті деп ойлаймыз. 17-18 түрі бар. Жеткізіп беретін 2 ірі зауыт.Олар манағы шаруашылықтан тапсырыстарды жинақтап вагонды салмақ, 67-68 тоннадан әкеледі", дейді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Тілек Әміров. 

Үкіметтен қолдау көрмегесін, елдің түкпір түкпіріндегі  3 мың фермер бірігіп, өз күштерімен кооператив құрған. Қазір облыстарды аралап, жобаның қыр сырын түсіндірумен әлек. Алғашқы өнімдерін көктемде шығарады. Есесіне жүздеген шаруа арзан әрі табиғи жолмен өңделген құнарлы өнімді қолдана алады. Алда бастаманы мемлекет қолдайды деген үлкен үміттері бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу