Жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды

1116

Ақтау-Қаражанбас автожолында "Лада Гранта" автокөлігі аударып қалды. Жүргізуші мен жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Маңғыстау облысында жол-көлігі апаты орын алып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше Ақтау-Қаражанбас автожолында "Лада Гранта" автокөлігі аударып қалды. Жүргізуші мен жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл факт Маңғыстау ауданы полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелді",– делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу