Зілзаладан үрейленген алматылықтардың үштен бірі жер үйге көшкісі келеді

467

Ал алматылықтар шаһардың сейсмо-қауіпсіздігіне күдігі күшейе бастады. 

Зілзаладан үрейленген алматылықтардың үштен бірі жер үйге көшкісі келеді Фото: egemen.kz

Биік ғимараттардан үркіп қалғаны сонша, тұрғындардың жартысына жуығы пәтерін тастап, жер үйге көшуді жоспарлап жүр. Онлайн қызмет ұсынатын сайттың жүргізген сауалнамасының нәтижесі осыны көрсетті. Десе де, Түркиядағы зілзаладан кейін мегаполистегі сейсмоқауіпсіздік күшейтіліп жатыр. Шенділер жер сілкінісі жайында ертерек хабарлаудың жолдарын да қарастырып қойған. 

Бүгін таңғы сағат 10-да Алматының барлық мекемелерінде, тіпті сауда-ойын-сауық орталықтарында сирена дабыл қақты. Мегаполис тұрғындары ғимараттардан асығыс, бірақ дүрбелеңсіз шықты. Ал  оқу ордаларының бірінде құтқарушылар арнайы техника, киім-кешек және басқа да қорғанысқа қажет заттардың көрмесі ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша,  Алматы сейсмо қауіпсіз  аймақта тұрғандықтан,  жер сілкінген жағдайда әрекет ету мәдениетін көтеру керек.    

"Жер сілкінісі кезінде адамдарды бірнеше санатқа бөлеміз. Арнайы орындарда көмек көмек көрсетіледі. Ол жерлерді 2гис арқылы қарауға болады", дейді Алматы қаласы  Бостандық ауданы ТЖ Басқармасының бастығы Еркебұлан Әсенов.

Алматыда жер сілкінісін алдын ала ескерту үшін тиісті датчиктер іске қосылған. Құрылғылардың көмегімен жылына 200 дүмбу тіркеледі. Биыл жыл басынан бері 44 дүмбу болса, соның 4-уі сезілген. Алматы маңайындағы 200 шақырым радиус жерге  11 станция орнатылған. Толқынды сезген датчиктер автоматты түрде орталық жүйеге белгі береді. Ал, "Дәрмен" қосымшасы арқылы халыққа ерте ескерту жасалады. 

"Датчиктер жүйесі жер астына дүмпудің алғашқы толқынын сезе алады. Оны адам сезбеуі   мүмкін. Бәрі жер сілкінісі ошағының Алматыдан алыстығына байланысты болмақ. Мысалы, егер эпицентр 150-200 шақырым радиуста болса, 40 секундтің ішінде екінші толқынға дейін біздің қорғаныс қызметі және азаматтар бірден естиді. Бұл 30-40 секундта төменгі қабатта тұратындар сыртқа шығып, жоғарғы қабатта тұратын қауіпсіз орын тауып үлгереді", деді Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Биыл жыл соңына дейін тағы 17 станция іске қосылады. Осылайша, Алматыдағы 28 станция дүмпуді алдын ала сезіп, ерте хабарлайтын болады. Алайда, тек Алматы өз радиусындағы жердерден ғана белгі алады. Қырғызстан, Қытай жақта болған жер сілкінісі толқындарын алдын ала анықтау қиын. Сол себепті, қазір  Қырғызстанмен интеграция жасау мәселесі пысықталып жатыр.  Айтпақшы, жер сілкінісінен үрейленген алматылықтардың үштен бірі жер үйге көшкісі келеді. Онлайн сервис жүргізген сауалнамаға сүйенсек, жауап бергендердің 70 пайызы ескі үйде тұрады. Түркия трагедиясынан кейін жер үй іздеген алматылықтар 18 пайызға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу