"Ақтау теңіз порты" ЕЭА аумағында шойын құю зауытын салу жоспарланған

1023

"Ақтау теңіз порты" ЕЭА аумағында шойын құю зауытын салу жоспарланған

Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ аумағында құны  871 млн теңге болатын шойын құю зауытын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады ЕЭА-ның инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Әйгерім Молдабекова, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

"Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанынан бастап АЭА аумағында шойын құю зауытының құрылысы басталады.  Зауыттың басты өнімі халық шаруашылығының түрлі салаларына арналған шойын және болаттан жасалған бұйымдар. Зауытта  шойын құюдың прогрессивті әдісі – газдандырылған  модельдері қолданылады. Зауыттың аумағы 2 гектарды алып жатыр", – деді Әйгерім Молдабекова.

Оның мәліметі бойынша, кәсіпорынның жобалық қуаты  жылына  1 мың тонна құйылған бұйым шығаруға қауқарлы.

"Зауыт 2017 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған", – деп атап өтті Әйгерім Молдабекова.

Қазақтан Республкасы президентінің жарлығымен құрылған "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы 2003  жылдың  1 қаңтарынан бері жұмыс істеп келеді. АЭА  2028 жылдың  1 қаңтарына дейін қызмет етеді деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу