Алматыда "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы пәтерлер берілді. Енді 22 отбасы Тәуелсіздік мерекесін жаңа баспанада атап өтеді. Қалған отбасылар пәтерлеріне жыл соңына дейін кіреді, деп хабарлайды khabar.kz.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген.
Пәтерге қол жеткізгендер "Алматы Жастары" бағдарламасы үшін арнайы әзірленген ұпай жүйесіне сәйкес іріктелді. Қала әкімінің айтуынша, биыл басқа бағдарламалар бойынша баспана алған отбасылардың саны да жылдағыдан көп.
"Біз осы жылдың ішінде елбасы тапсырмасы бойынша 6 мыңға жуық адамға, отбасыларға пәтер кілтін тапсырдық. Мен ойлаймын, ол ең үлкен бақыт. Адамның қалада пәтері болмаса ол өте қиын", - дейді қала әкімі Бауыржан Байбек.