"АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментіне жаңа директор тағайындалды

1069

"АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментіне жаңа директор тағайындалды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің директоры қызметіне осыған дейін "Абай" шахтасының директоры болып жұмыс істеген Андрей Черномаз тағайындалды. Ол жайлы компанияның баспасөз-қызметі мәлімдеді. 
Паршант Гойял Көмір департаментінің техникалық директоры және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорының көмір шахталарын техникалық тұрғыда дамыту мәселелері бойынша кеңесшісі ретінде тағайындалды, сонымен қатар ол ArcelorMittal корпоративті кеңсесімен көмір департаментін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды енгізу мәселелері бойынша қарым-қатынасқа жауап беретін болады. 
Леонид Костогладов көмір департаменті техникалық директорының техникалық мәселелер бойынша кеңесшісі ретінде тағайындалды. 
Андрей Черномаз Абай тау-кен техникумын "Көмір кен орындарының жер асты өңдеуі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде "Пайдалы қазбалардың жер асты өңделуі" (тау-кен инженері) және "Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент" (экономист) мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған. 

Қызмет жолын 1990-шы жылы "Қарағандыкөмір" ӨБ "Арнайышахтмонтаж" басқармасының Октябрь тау-кен монтаж филиалында жер асты тау-кен жұмыскері ретінде бастаған. Әр жылдары №9 "Арнайышахтмонтаж" жер асты тау-кен монтаж учаскесінде жер асты тау-кен шебері; Костенко атындағы шахтаның учаскі бастығының жер асты көмекшісі, учаскі бастығының орынбасары, учаскі бастығы; Костенко атындағы шахтаның өндіріс бойынша директордың жер асты орынбасары; "Тентек" шахтасының директоры; Күзембаев атындағы шахтаның өндіріс бойынша директорының жер асты орынбасары; Костенко атындағы шахтаның №6 учаскесінің тау-кен шебері; "Абай" шахтасының өндіріс бойынша директорының жер асты орынбасары, сонан соң директоры қызметтерін атқарған. 
ІІІ дәрежелі "Кенші даңқы" белгісімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу