"Астана-1" ақпараттық жүйесі сәуірде іске қосылады

804

"Астана-1" ақпараттық жүйесі сәуірде іске қосылады

Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елбасы тапсырмаларын орындау үшін қандай жоспар жасап жатқандарын айтты. Бұл туралы ресми ақпарға сүйеніп, abctv.kz хабарлайды.

Экономика министрінің сөзінше мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынбақ. Ол үшін ҚР ҰЭМ 2018 жылдың соңына дейін ұлттық қор тұжырымдамасына қарыз индикаторлары есебінен үкіметтің ішкі қарызын алып тастау тұрғысынан өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді екен.

Сонымен қатар министрлік жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруды жалғастырады.

ҚР президенті тапсырмаларының өзі жауапты блокта орындалу барысы туралы есеп беру барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биыл 28 ақпанда ҚР ҚМ сынақ режимінде "Астана-1" ақпараттық жүйесін іске қосатынын айтты. Толық ауқымды іске қосу сәуір айына жоспарланған.

Кедендік рәсімдерден өту және электрондық өзара әрекеттесуді жалғастыру кезінде "Бірыңғай терезе" қағидатын енгізу үшін ASYCER платформасында тоғыз рұқсат құжатын (сәйкестік, ауыл шаруашылығы, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы салаларында) автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл сондай-ақ ЮНКТАД жүйесінің платформасында да жүзеге асырылуда.

Кедендік тазарту үшін қажетті қалған 42 рұқсат құжаты бойынша, "Астана-1" жүйесі "E-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасымен біріктіріледі.

Қаржы министрінің айтуынша, Дүниежүзілік банк жобасының аясында қолданыстағы "Электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі базасында "Виртуалды қойма" модулі іске асырылуда. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық өнімдер бойынша модуль толығымен іске қосылады деп көзделген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу