"Astana Arlans" командасы "Айдаһарларды" ойсырата жеңді

629

"Astana Arlans" командасы "Айдаһарларды" ойсырата жеңді

Қазақстанның "Astana Arlans" командасы мен қытайдың "China Dragons" арасындағы соңғы кездесу 91 келіден жоғары салмақ санатында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы кездесу Нұрсұлтан Аманжолов пен латвиялық Эвандер Сервут арасында болды. Тартысты өткен 5 раунд барысында  Нұрсұлтан қарсыласының жеңіске жетуіне еш мүмкіндік берген жоқ. Осылайша Астана арландары "Қытай айдаһарларын" 5-0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, алғашқы кездесуде 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сәкен Бибосынов  Гуо Чжаннан басым түсіп, арландықтарды алға шығарған болатын.

Екінші кездесуде Әлімжан Бескемпір (60 келі) Ву Юфэннен басым түсті.  

Мұнан кейін 69 келіде шаршы алаңға көтерілген Асланбек Шымбергенов нағыз бабында екенін көрсетті. 

Ал 81 келіде Бек Нұрмағамбет  қытайлық Гегарибу Цзэнді 2 раундта нокаутқа жіберді. Таразда өткен Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы Astana Arlans пен қытайлық China Dragons командасы арасындағы бұл кездесу "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу