"Астана" ХҚО мен Nasdaq inc қоры келісімге қол қойды

677

 "Астана" ХҚО мен Nasdaq inc қоры келісімге қол қойды

"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Nasdaq Inc қоры биыл іске қосылатын жаңа қазақстандық биржаны бірлесіп дамытатын болды. Халықаралық қаржы орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасалған келісім аясында жаңа қорда Nasdaq Matching Engine қорының өтініштер мәліметі мен оларды өңдеу жүйесі қолданылады. Бұл технология өндіріске енгізілердің алдында бірнеше рет сынақтан өтеді. Қаржылық институт басшысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша Nasdaq әлемдегі үздік сауда платформасы. Сондай-ақ қауіпсіздігі жөнінен өзгелерден оқ бойы озық. Қазіргі таңда Nasdaq қорының технологиялары – сауда жүйесі, клиринг, құнды қағаздардың орталық депозитариясы мен нарық сараптамасы Америка, Еуропа, Азия, Аустралия, Африка, Таяу Шығыс және Кариб бассейні елдерінің 90 нарығында қолданылуда. Әлемдегі алғашқы электронды қор нарығын құрушы Nasdaq ұйымы 50 елдің 89-дан астам нарығын өз технологиясымен қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу