"Асыраушы отбасы" бағдарламасы нәтижесін бере бастады

909

"Асыраушы отбасы" бағдарламасы нәтижесін бере бастады

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың басында "Асыраушы отбасы" атты әлеуметтік маңызды жоба қолға алынған болатын. Осы бағдарламаға сай бала асырап алған отбасыларға мемлекет материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды islam.kz.

Нақтырақ айтсақ, әр балаға ай сайын 10, ал ата-анаға 20 айлық есептік көрсеткіште жәрдемақы беріледі. Тек бір шарты бар: бағдарламаға қатысқысы келетін отбасы ең кемі 4 бала асырап алуы тиіс.

Айта кетейік, Мамлют ауданының Искра ауылында тұратын Кустовтар және Эсмурзиевтер отбасы 4 баладан асырап алды. Бағдарламаға алғаш атсалысқандар да осы отбасылар болып отыр.

Кустовтар отбасында 3 кішкентай болатын. Енді Михаил мен Сергей 7 баланың ата-анасына айналды. Ал Наталья мен Сергей Эсмурзиевтерге сәби сүю бақыты бұйырмапты. Бірден көпбалалы отбасыға айналған ерлі-зайыпты балаларына жақсы тәрбие беретініне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу