"ҚазТрансОйл" және CNODC бірігіп бақыланатын ұйым – "Қазақстан-Қытай мұнай құбыры" ЖШС-ға тиесілі "Атасу – Алашаңқай" мұнай құбырының "Алашаңқай" қабылдау-өткізу пункті арқылы мұнай құбыры іске қосылғалы 100 млн тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлады "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі.
"Атасу – Алашаңқай" мұнай құбыры – әлеуеті зор Қытай нарығына тікелей жолды қамтамасыз еткен ТМД кеңістігіндегі бірінші экспорттық мұнай құбыры.
Мұнай құбырының іске қосылуы қазақстандық мұнай экспортының құбыр желісінің жаңа бағытын құруға, қолдағы мұнай құбыры жүйесін жүктеуге, еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану, жаңа жұмыс орындарын құру және бірге мемлекеттік бюджетке қосымша кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Мұндай жоғары жетістіктер "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі де тегін болмаса керек.
Айта кетейік, мұнай және газ саласында Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясындағы шектелмелі келісімді жасаумен бірге 2004 жылдың 14 мамырында "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ және CNPC арасында "Атасу-Алашаңқай" мұнай құбыры құрылысының негізгі қағидалары туралы келісімге қол қойылды. 2006 жылы "Атасу-Алашаңқай" мұнай құбыры іске қосылды, ал құрылыс толықтай 2008 жылы аяқталды. Құрылыстың алғашқы сатысында жылына 10 млн тонна мұнай өткізді.