"А" корпусындағы лауазым саны екі есе қысқарды

816

"А" корпусындағы лауазым саны екі есе қысқарды

"А" корпусындағы лауазым саны екі есе қысқарды. Мұны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет істері департаменті директорының орынбасары Әйгерім Әмірова мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"5 сәуірде президент жарлығымен "А" корпусының лауазым тізімі оңтайландырылды. Сараптама барысында кей лауазымда басқару өкілеттігі жоқ екенін анықтадық. Мысалы орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелер басшысы, тәуелсіз басқару шешімін қабылдамайтын сектор басшысы, президент әкімшілігінің сектор меңгерушілері. Лауазым тізімі шамамен екі есеге – 519-дан 278-ге дейін қысқарды. Бұл олармен қызметте жоғарылау, оқытуға қатысты нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді", – дейді Әйгерім Әмірова.

Маманның айтуынша, осы жұмыстың нәтижесінде "А" корпусында басқару өкілеттігі бар төрт лауазым санаты қамтылып отыр. Олар – жауапты xатшы, комитет төрағасы, жергілікті және орталық аппарат басшысы мен аудан әкімі. Сонымен қатар барлық азаматтың арасында конкурстық іріктеумен бірге, мемлекеттік орган қызметшілерінің қосымша қызмет сатысын жылжу меxанизмі қарастырылған.

Сөйтіп "А" корпусы кадрлық резервіне жалпы іріктеу конкурсын күтпей-ақ, кадрлық саясат бойынша Ұлттық комиссияның шешімімен ауданда немесе мекемеде, осы мемлекеттік қызметші резервтің есебіне қосылады. Сондай-ақ тұлға осы лауазымға екі жылда ие болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу