"Бәйтерек" монументі жүз елу мыңыншы қонағын қарсы алды

1457

"Бәйтерек" монументі жүз елу мыңыншы қонағын қарсы алды

Астананың бас символы адамдардың келуі бойынша рекорд орнатты, деп хабарланды елордалық әкімдік медиа орталығынан.

Түменнен келген сәулетші Елена Михайлова "Бәйтерек" монументінің 150 мыңыншы қонағы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, "Бәйтерек" монументі күрделі жөндеуден кейін 17 маусымда қайта ашылған болатын. Елорданың жаңартылған символы тек қазақстандықтардың ғана емес, сондай-ақ туристердің де сүйіп баратын жеріне айналды. Таңның атысынан кештің батысына дейін елорданың басты символын қызықтауға келетін адамдардың қарасы көп, ұзын сонар кезек байқалуда.  

Елена Михайлованың отбасымен бірге Астана келгеніне небары 3 күн болған. Осы күндер ішінде олар елорданың ең көрікті жерлеріне барып үлгерген, оның ішінде ЭКСПО көрмесін де аралаған. Бүгін олар "Бәйтерек" монументіне барған, осылайша күтпеген жерден елорданың басты символына айналған монументтің 150 мыңыншы билетін сатып алған.  

"Астананы қатты көргіміз келді. Астаналарыңызды қызықтауға келдік. Жас болса да ерекше сәулетті шаһарларыңыз көздің жауын алады, көшелеріңіз кең әрі таза, ғимараттар болса қандай әдемі, ЭКСПО көрмесінен алған әсеріміз тіптен керемет", - деді Елена Михайлова.

Оның сөзіне қарағанда, ол Астанаға алғаш рет келіп отыр.

"Біз қаланың сәулетімен таныс болғымыз келді, ұсынылған, шаһарларыңызда бар құрылыс құрылымдарын және жасыл технологияларды көріп, керемет әсер алдық", - деді Е.Михайлова.

"Біз сіздерде үйлердің кіреберістеріне дейін жап-жасыл көшеттердің отырғызылғанын байқадық. Бұл өңірдің экологиясы үшін жақсы. Біз бұны өңірлеріңізде желдің екпіні қатты болған соң жасалып отырған қадам деп түсіндік. Қала жасыл көшеттер мен ағаштарға толы, бұл өз алдына ауа райының жақсаруына алып келуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз. Және бұған көз жеткізіп отырмыз", - деді турист.

"Астана Конвеншн Бюро" ЖШС директоры Санияр Айтекенов алыстан келген қонақты құттықтап, ескерткіш сыйлықтарды табыстап, елімізге қайта келуін тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу