"Бал текстиль" фабрикасы Қытай нарығына шығады

1128

 "Бал текстиль" фабрикасы Қытай нарығына шығады

Қазақстандағы кілем жасаушылар Қытай нарығына шығуды көздеп отыр. Бұл туралы  "Бал Текстиль"  кәсіпорнының атқарушы директоры Жомарт Керімшеев хабарлады.

Бұл кәсіпорын өнімдері бұған дейін Ұлыбритания, Германия және Франция елдеріне жеткізіліп келген. Сонымен қатар Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда сатылып жатыр. Қазіргі уақытта Қытай кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. 

Осы жылдың басынан бері экспорт көлемі 23 пайызды құраған

Кілем фабрикасының жалпы ауданы 6 гектар. Ал өндірістік қуаты жылына 5 млн шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы. Өндірісте 200-ден астам адам жұмыспен қамтылса, 500-ден астам адам дизайнерлік міндетін атқарады.

Айта кету керек, "Бал текстиль" фабрикасының Қазақстан бойынша 400-ден астам дистрибьюторы бар.

Компания болашақта бүкіл әлемде кiлемдердiң және кiлем бұйымдарының көшбасшы өндiрушiсі болуды мақсат етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу