"Барыс" хоккей клубының ресейлік легионерлері Дмитрий Шевченко мен Алексей Маклюков ұлттық құрамада ойнау үшін Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырды. Бұл туралы клубтың ресми сайтына берген сұқбатында команданың бас менеджері Ержан Алдабергенов айтты, деп хабарлайды vesti.kz.
Дмитрий мен Алексей еолордалық команданың қатарын 2017 жылдың жазында толықтырған еді. Екеуі де Мәскеудің "Динамо" клубы құрамынан келген.
"Ларионов мырза "Барыста" екі ойыншының ғана (Шевченко мен Маклюков) агенті. Екеуі де жас. "Братина" кубогында ойнап тәжірибе жинаған хоккейшілер. Динамо өткен маусымда осы кубокты жеңіп алды. Олар біздің елдің азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында ойнауға асық. Азаматтық алуға құжаттар тапсырып қойды. Келер жылдан бастап ұлттық құрама сапында ойнай алады. Бұл жігіттер "Барыс" пен ұлттық құрамада негізгі құрамдағы ойыншыларға бәсекелес бола алады. Ал осыған дейін ойнап келген ойыншылар ылғи негізгі құрамда болмайтындықтарын жақсы түсінеді", - деді ол.