"Барыс" құрлықтық хоккей лигасында "Витязьды" жеңді, деп хабарлады КазТаг.
Матч Подольскіде өтті. Бірінші кезеңнен кейін астаналықтар жеңіліп келе жатты, бірақ кейіннен кездесу барысын өзгертіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Жеңіліс тапқандар сапында жалғыз шайбаны Александр Панков салды. Жеңімпаздар сапында Найджел Доус екі рет шайба салды, Никита Михайлис, Даррен Диц және Линден Вей бір-бірден салды.
Осылайша, "Барыс" жаңа маусымда алты жеңісімен көзге түсті, және 19 ұпайымен Шығыс конференциясында бірінші орынға тұрақтады.
Келесі матчты қазақстандық клуб новосбірілік "Сибирьге" қарсы 15 қыркүйекте Астанада өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу