"Chemistry Cup" турнирінде 9 қазақ боксшысы жартылай финалға өтті

744

"Chemistry Cup" турнирінде 9 қазақ боксшысы жартылай финалға өтті

Германияның Галле қаласында өтіп жатқан "Chemistry Cup" халықаралық турнирінде 9 қазақ боксшысы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды inform.kz.

Қазақстан Бокс федерациясының ақпаратына сүйенсек, 64 келіде жұдырықтасатын боксшымыз Бекдәулет Ибрагимов  жарыс жолын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Дегенмен байрақты бәсекені 9 спортшымыз жалғастырады.

Нақтырақ айтсақ, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда украиналық Максим Коцпен, Қайрат Ералиев (56) америкалық Дюк Раханмен, Абылай Жүсіпов (69) поляк Демиан Кивиормен, Ержан Жомарт (49) эквадорлық Карлос Купомен, Азамат Исақұлов (52) америкалық Гилберт Рентеримен, Әділет Құрметов (60)  америкалық Деланте Джонсонмен, ал Василий Левит (91) украиналық Константин Пинчукпен қолғап түйістіреді. Әділхан Аманқұл (75)  неміс боксшысы Сильвио Ширлимен және аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев тағы бір неміс боксшысы Макс Келлермен айқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу