"ЭКСПО-2017" көрмесін шамамен 2,45 млн адам тамашалайды

766

"ЭКСПО-2017" көрмесін шамамен 2,45 млн адам тамашалайды

Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі кезінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде министрлік жүргізіп жатқан дайындық жұмыстары туралы мәлімдеді.

Әкімдіктер мен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның алдын ала болжамы бойынша көрмеге шамамен 2,45 млн адам келеді. Оның ішінде 1,8 млн адам аймақтардан болады.

Жалпы алғанда қалаға тәулігіне 20 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Оның ішінде теміржол көлігімен 1,1 млн, әуе көлігімен 161 мың, тұрақты автобус рейстерімен 350 мың адам және жеке автокөлікпен 200 мың адам келеді деп болжанып отыр.

Жолаушылар ағынын тасымалдауды қамтамасыз ету үшін министрлік Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдіктерімен бірлескен жоспарға қол қойды. Осының аясында кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұған қоса Астана әуежайының жаңа жолаушылар терминалы, темір жол вокзалы және 2 автостанция пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу