"Халық банктің" 3 млн несие ресімдеу жөніндегі СМС хабарламасы жұрт арасында түсінбестік тууына себеп болды. Әлеуметтік желі пайдаланушылары алаяқтық деп айыптаған бұл хабарлама туралы "Халық банк" нақты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таңертеңнен бері "Халық банкінен" кепілсіз 3 млн теңге несие беру туралы ұсыныс көпшіліктің таңданысын тудырды. Нақтырақ айтқанда, интернетте әлеуметтік желі пайдаланушылары кепілсіз 3 млн теңге несие банк тарапынан мақұлданғаны туралы СМС хабарлар келгенін жарыса жазды.
"Бұл жарнамалық ұсыныс еді. Ондағы мақсат клиенттерді "Халық банктен" несие алуға тарту болатын. СМС хат несие мақұлданғанын білдірмейді", - деді бұл мәселеге қатысты "Халық банкінің" PR және маркетинг департаментінің басшысы Әсел Тынышбекова.
Адамдар СМС хаттардың бейтаныс нөмерден келгеніне күмәнданып, алаяқтардың ісі деп ойлағанын жасырмады.
"Халық банк" жақында клиенттеріне кепілсіз 3 млн теңге несие ресімдеу туралы СМС хабарламалар жібергенін растайды. "Halyk Bank" СМС хабарламалар жіберген нөмір банктің меншігінде. Бұл нөмірден СМС хабарламалар бірінші рет жіберіліп тұрғандықтар клиенттер күдіктенген", - дейді Әсел Тынышбекова.