"Қазақмыс" Сәтбаев қаласында жолдың не себепті опырылғаны жайлы түсінік берді

847

"Қазақмыс" Сәтбаев қаласында жолдың не себепті опырылғаны жайлы түсінік берді

Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында опырылған жолдың бейнесі таратылуда. Пайдаланушылардың пайымдауынша оқиға шахтада орын алған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Опырылған жолдың бір кен орнынан екіншісіне апаратыны анықталды. Бұл "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-ның аумағында жатыр.

"15 ақпанда Кресто-Центр кешініің ауданында жоспарлы тау жұмыстарын жүргізу кезінде қара жол 5-10 м тереңдікке опырылып түскен. Жолдың бұл бөлігі 1996 жылдан бері пайдаланылмайды",  – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Компания өкілдері тиісті шаралар қабылданып, қосымша оқшаулау дуалы мен тыйым салатын белгілер орнатылғанын айтып отыр.

"Бұл аудан елді мекендер жанындағы Шығыс Жезқазған кен орнының өндірістік алаңында орналасқан. Жақын жатқан кентке дейінгі қашықтық  бір шақырымнан асады",  –  деді компанияның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу