"Қазақмыс" жергілікті сатып алу үлесін екі есе өсірді

716

"Қазақмыс" жергілікті сатып алу үлесін екі есе өсірді

"Қазақмыс" компаниясы соңғы тоғыз жылда жергілікті сатып алу үлесін екі есе, яғни 36 %-дан 76,8%-ға дейін өсірді. Бұл туралы корпорацияның 2017жылы қазақстандық қамтуды дамыту қорытындысы бойынша жасалған сараптамалық есебінде айтылды, деп хабарлады abctv.kz тілшісі.

Былтыр "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС  жер қойнауын пайдалану операцияларын есепке алғанда 222,89 млрд теңгеге тауар, жұмыс пен қызмет сатып алған. Қазақстандық фирмалардан сатып алу үлесі 171,18 млрд теңгеге жеткен.

Болашақта кен өңдеу көлемін өсіріп, шығарылатын өнім түрлерін көбейту  үшін "Қазақмыстың" үш бірдей кен байыту фабрикасы ауқымды жаңғыртудан өтеді. Оны қаржыландыру көлемі 50,8 млрд теңге болады деп көрсетілген компанияның сараптамалық есебінде.

Корпорация металлургиялық өндірісінде зауыттардың өнімділігі мен пайдалану мерзімін арттыру үшін қазақстандық өнімге тапсырыс беруге, сондай-ақ экологиялық жүктемені төмендетуге күш салады.

Жаңғыртудан ең алдымен Балқаш мыс балқыту зауыты өтуге тиіс. Оның технологиялық қуаттылықтарын жетілдіруге және Жезқазғандағы гидрометаллургиялық ілеспе жобаға капиталдық шығынның 33,0 млрд теңгесі жұмсалады. Сонымен қатар корпорацияның электростанциялары да жаңғырту кезегінде тұр. Қазір онда өндірісті арттыруға арналған негізгі жабдыққа жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бұған 66,4 млрд теңге бөлінген. Бұған қоса 11,3 млрд теңге қаражат салынған машина жасау өндірісін техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы және 1,1 млрд теңге сомаға бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша бірқатар жоба іске асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу