"Қазақстан темір жолы" мен "Укрзализныця" бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты

688

"Қазақстан темір жолы" мен "Укрзализныця" бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты

26 қаңтарда "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Киевке (Украина) жұмыс сапары аясында Украинаның бірқатар инфрақұрылым министрімен (бұрынғы Украина көлік министрлігі), "Укрзализныця" АҚ басқарма төрағасымен, "GE Transportation” американдық компания өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

GE Transportation – жаңа буынды Эволюшн сериясындағы локомотивтер шығаратын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниясының серіктесі болып табылады.

Украина инфрақұрылым министрі В. Омелян мен "Укрзализныця" АҚ басқарма төрағасы В. Балчунменмен кездесулер кезінде қазақстандық теміржол көлігі машинасы өнімдерін (локомотивтер, вагондар, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар)   Украинаға жеткізу, сондай-ақ екі ел арасындағы жүк айналымын өсіру, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) әлеуетін тиімді пайдалану жайы қарастырылды.        

Кездесу соңында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Укрзализныця" АҚ арасында серіктестік орнату турасындағы тиісті құжаттарға қол қойылды. Ол арқылы  таяу арадағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспары белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу