"Қазақтүркмұнай" 2016 жылы өндіруді 20,6%-ға арттырды

968

"Қазақтүркмұнай" 2016  жылы өндіруді 20,6%-ға арттырды

"Қазақтүркмұнай" ЖШС 2016 жылы 291,987 мың тонна мұнай өндірді, деп хабарлады компания. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

2015 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақтүркмұнай" 242,095 мың тонна мұнай өндіріпті. Демек өндірудің жылдық көлемі  20,6%-ға артқан.

Компанияның 2016  жылдың  12 айындағы инвестициясы 1,9 млрд теңгені құрады.
"Қазақтүркмұнай" ЖШС жалғыз құрылтайшысы – "ҚазақМұнайГаз" ұлттық компаниясы болып табылады.

Қазіргі таңда "Қазақтүркмұнай" үш лицензиялық блокта жұмыс жүргізіп жатыр.  Ақтөбе облысындағы Лақтыбай және Оңтүстік Қаратөбе кен орнында өндіру жүріп жатыр. Маңғыстау облысында Батыс Елемес, Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе, Солтүстік-Шығыс Сазтөбе кен орындарында өнеркәсіптік өндіру жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу