"Қазатомөнеркәсіп" бірқатар кәсіпорындағы үлесін көбейтті

915

Мәміле нәтижесінде Қазатомөнеркәсіптің "Байкен-U" ЖШС, "Қызылқұм" ЖШС  және "Хорасан-U" БК" ЖШС-дегі иелену құрылымы сәйкесінше 52,5%, 50% және 50% құрады.

"Қазатомөнеркәсіп" бірқатар кәсіпорындағы үлесін көбейтті

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Energy Asia (BVI) Limited компаниясының 40,05% акциялар пакетін және Energy Asia Holdings (BVI) Limited компаниясынан "Хорасан-U" БК" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 16,02% қатысу үлесін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды компания.

 

Мәміле нәтижесінде Қазатомөнеркәсіптің "Байкен-U" ЖШС, "Қызылқұм" ЖШС  және "Хорасан-U" БК" ЖШС-дегі иелену құрылымы сәйкесінше 52,5%, 50% және 50% құрады.

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі уран өндіруші. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдік бастапқы уран өндіру жиынтығының 20% құрады. Топ кемінде 300 мың тонналық уран қоры бар саладағы ірі резервтік базаға ие. Қазатомөнеркәсіп 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскеде өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу