Бүгін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарының ұшуына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті инспекторлары әуе компанияларына тұрақты түрде инспекциялық тексеру жүргізіп тұрады. Бұл ретте, "Казавиақұтқару" акционерлік қоғамына жүргізілген тексеру барысында үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру келісім-шарттарының жоғы анықталып, компанияның 20 әуе кемесінің қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Бүгін тікұшақтардың ұшуына рұқсат берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу