Жылыой және Құрманғазы аудандарында "ҚазТрансОйл" компаниясы 59 гектар жерді заңсыз иемденген. Олар орасан көлемдегі жер учаскесін өндірістік мақсатта 10 жыл қолданып келген, деп хабарлайды atpress.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ғибрат Сүлейменов мәлімдеді. Заң бұзу фактісі мекеме өкілдерінің жаңа жер телімін беру жөнінде жергілікті әкімдікке барған кезінде ғана анықталған. Нәтижесінде, компанияға 2100 АЕК, немесе 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Жалпы, биыл жерді заңсыз иеленіп алу дерегі тексеру жұмыстарының нәтижесінде 304 заң бұзушылық анықталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу