"Көлеңкелі" экономиканың көлеңкесі зорайып келеді

1083

"Көлеңкелі" экономиканың көлеңкесі зорайып келеді

Өткен жылы Алматы облысы аумағында 411 экономикалық қылмыс анықталып, оның 308-і сотқа жолданған. Қылмыстық істер бойынша анықталған 7,2 млрд теңге залал сомасынының 3,8 млрд теңгесі  мемлекетке қайтарылып, 1,4 млрд теңгеге бағаланған мүлік тәркіленіпті. Бұл туралы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Әсіресе, бұл саладағы қылмыс ойын бизнесінде өршіп тұр. Аталған сала бойынша 69 қылмыс тіркеліп, оның 35-і сотқа жолданып, 22-сі ақталмайтын негіз бойынша аяқталса да айылын тартайын дегендер аз. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін жалға берілген жеті дүкен қожайыны өз әрекетінде қылмыстық негіз жоқ деп қарайтын көрінеді. Ал 84 ойын залының заңсыз жұмысы анықталып, 5 букмекерлік кеңсе, 4 астыртын казино және 118 ойын автоматы, сондай-ақ, ойын терминалдары, карталар, фишкалар тәркіленгенімен тәртіпке бағынығысы келетіндерде көп емес. Қайта, қылмыстың ауқымы ұлғайып келе жатқан сияқты.

"Хоргос аумағында астыртын казиноға жүргізілген жедел іс-шаралар кезінде аталған ойынхананың ішінен 50 000 қытай юаньын, покер ойынына арналған 4 үстел, 5000 данадан аса карта және фишкалар тәркіленді. Ал Қапшағай қаласында екі заңсыз ойын автомат залының жұмысы тоқтатылды. Аталған ойын залдарынан 25 ойын автоматы, 2 американдық рулетка тәркіленді. Бұл фактілер бойынша ҚР ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Демек, қылмыстың жолы сан құбылып тұр", – дейді департамент басшысының орынбасары. 

Сондықтан брифинг барысында "көлеңкелі" экономикамен күресу және түрлі заңсыздықты бақылауды күшейту мәселелері де талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу