"Қорғас" ШЫХО-ның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

891

"Қорғас" ШЫХО-ның экс-президентіне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

"Қорғас" Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығының бұрынғы басшысы Василий Ниға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Алматы қаласы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Василий Ни мен Махаббат Сайдуллаеваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Айыпталушыларға қатысты ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі (пара алуға көмектесу), 366-баптың 4-бөлігі (пара алу, қылмыстық топтың ұйымдастыруымен аса ірі көлемде пара алу) бойынша іс қозғалды", деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Құзырлы органдардың ақпаратына сүйенсек, В.Ни "Қорғас" ШЫХО" АҚ Президенті қызметінде 2016 жылдың жаз айында "Тюльпан Хоргос" ЖШС өкілінен қонақ үй кешені құрылысын жеңіп алу инвестициялық байқауында жеңімпаз атану үшін 1 млн АҚШ доллары көлемінде заңсыз "сыйақы" талап еткен. Ойын жүзеге асыру үшін В.Ни қол астындағы қызметкер, Инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваны қылмыстық іске тартқан. Ол В.Нидің пара алуына жәрдемдескен. 2016 жылдың 5 қыркүйегінде аталған адамдар пара алу үстінде ұсталды.

Қылмыстық іс 7 томнан тұрады. Іс бойынша 14 куәгер бар. Алдын ала тыңдау 23 желтоқсанға белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу