"Қуаныш" пен "Сәуле" атты роботтар Қазпоштаға жұмысқа тұрды

1199

"Қуаныш" пен "Сәуле" атты роботтар Қазпоштаға жұмысқа тұрды

Қазпошта еліміздегі тұңғыш цифрлық кеңсенің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазпоштаның тұңғыш цифрлық кеңсесі Астана қаласында ашылып отыр. Кеңсеге кіргеннен-ақ сізге "Қуаныш" атты робот "Қазпоштаның цифрлық кеңсесіне қош келдіңіздер" деп қарсы алады. Алдағы уақытта Қазпошта мұндай кеңселерді еліміздің бірнеше қаласында іске қоспақ. 
"Қуаныш" көбінесе келген адамдардың көңілін көтеру үшін жұмыс істейді. Сіз есіміңізді бір рет қана атасаңыз, ол есіне сақтап алып,сізбен әңгімелесе береді. Тіпті ертеңінде сізді танып қойып, атыңызды атап, әңгіме-дүкенді жалғастыра беруге қауқарлы. Ол ауа-райы туралы, қайда тұрғаныңызды айтып, Wi-fi паролінің өзгергенін айтып беріп тұрады", - дейді ІТ-сәулет бойынша департамент директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.  
"Сәуле" деген кеңесші "Method-Pro" мектебімен бірге жасалды. Ол біздің клиенттердің маңызды сұрақтарына жауап береді. Мәселен, төлемді қалай жүргізуге болатынын, банк картасын қалай алуға болатынын "Сәуледен" сұрап біле аласыз. Әзірге "Сәуле" 100 сұраққа жауап бере алады. Әлбетте, бұл алғашқы нұсқа болғандықтан, біз оның қызмет аясын кеңейтуді қола аламыз",  - дейді Бақтияр Мұхаметқалиев. 
Ол сонымен бірге, "Қуаныш" атты робот та осындай сұрақтарға жауап бере алатынын атап өтті. 
Мұнда қызметтерді әдеттегідей оператор қызметкерлер емес, гибридті банкоматтар, электрондық кассир, поштамат және VR-агент көрсетеді. Қазпоштаның болашақ кеңселерінде клиенттер пошталық және қаржылық қызметтерді өздері атқара алады. Сондай-ақ post.kz сайты қызметтерінің мұнда барлық түрін пайдалануға болады. Атап айтқанда, ақша аударымдарын жасауға, коммуналдық төлемдерді, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеуге, авиа және теміржол билеттерін сатып алуға және басқа да қызметтерді орындауға болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу