"Несие серіктестігіне" 15 мың фермер жүгінді

841

"Несие серіктестігіне" 15 мың фермер жүгінді

Еліміздің ауылшаруашылығындағы ескі тәжірибе бойынша бір комбайн алу үшін 30 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалатын. Бүгін ол сомаға отандық 3 комбайнды субсидиялауға мүмкіндік бар. Ауылшаруашылық техникасын жаңарту және отандық көлік өндірісін дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. ҚР ауылшаруашылық министрлігі шаруаларды қолдау үшін отандық техниканы қол жетімді етпек, деп хабарлайды ortcom.kz.
Ауылшаруашылық саласындағы тың жаңалықтармен бөлісу үшін бүгін баспасөз-конференцияда ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов журналистермен кездесті. Вице-министрдің айтуынша, бес жылдық жаңа бағдарламаға сәйкес, ауылшаруашылық техникасы 5 жылға дейін жеңілдетілген пайызбен шаруаларға беріледі. Лизингті рәсімдеу – шаруаның жұмысын жеңілдетеді, өнімді арттырады.
Қаржы – "Несие серіктестіктері" арқылы беріледі. Бүгінгі таңда, елімізде 187 "Несие серіктестігі" бар. 15 мың фермер олардың қызметіне жүгінген. Оларды ауылшаруашылық өнімін өндірушілер қаржыландырады. Дегенмен, шетелдік техникаға да субсидия қарастырылған. "Сырттан келген техника қымбат болғандықтан, отандық техника өндірісі төтеп бере алатын жағдайда", – дейді келген спикерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу