"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспана беріле бастады

1649

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспана беріле бастады

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар 2017 жылғы Қысқы универсиаданың ең белгілі нысаны – Атлетикалық ауылдан сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге ие болды, деп хабарлады "Бәйтерек" Холдингінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған 2 мыңнан аса отбасы әлеуметтік инфрақұрылым толық жүргізілген перспективалы шағынауданнан баспана алды.

Пәтерді көп балалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасы, жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оралман, 1 және 2 топтағы мүгедек, мемлекеттік қызметкер, әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері, бюджеттік орган қызметкері алады.

КИК мәліметіне сүйенсек, биыл компания Алматыда кезекте тұрғандарға сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға беру бағытында тағы 1780 пәтер беруді жоспарлап отыр.

Ол – 47 үйден тұратын тұрғын үй кешені Түркісіб ауданында орналасқан Жас Қанат шағын ауданы. Жалпы аймақта Нұрлы жер бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 190 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 3000-нан аса пәтер, сол себепті жаңа қоныс аудару бақытына кенелетіндер саны арта түспек.

Пәтерлер таза әрленген күйде тапсырылады, оны салу кезінде заманауи, экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Кешен аумағы қазіргі заманға сай бейнебақылау, кіріп-шығуды бақылау және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған.

Мұнда ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшесі, полицияның тірек пункттері жұмыс істейді. 7000 адамдық мешіттің құрылысы жоспарланып отыр, қазақ ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамхана, ұлттық аспаптардың мультимедиялық мұражайы, "Алатау" дәстүрлі өнер театры және қолөнер кәдесыйларын сату орталығының жұмысы әрі қарай жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу