Алматыда үй кезегіне тұру үшін өтініш қабылданып жатыр. Қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары баспанаға мұқтаж жандардың арызын 28 наурызға дейін қабылдайды, деп хабарлайды almaty.tv.
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында берілетін баспана – көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар жандарға, оралмандар мен жетім балаларға табысталады.
Одан бөлек мемлекеттік қызметшілер, әскери адамдар мен бюджеттік ұйымдардың мамандары да баспана алуға үмітті. Кезекке тіркелгендерге "Атлетикалық ауылдағы" көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер берілмек. Ондағы пәтердің бір шаршы метрі шамамен – 1036 теңге. Баспана 20 жылға жалға алу шартымен табысталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу