"Нұрсұлтан" шыңына 290 адам ғана жете алды

878

"Нұрсұлтан"  шыңына 290 адам ғана жете алды

Алматыда "Спорттық Алматы" бағдарламасының аясында Астана күніне арналған дәстүрлі "Нұрсұлтан шыңы-2017" альпиниадасы өтті. "Жеңісім саған, Астана" деген атаумен аталған биылғы шара 5000 жуық адамның басын қосты, деп хабарлайды aikyn.kz.

Оның ішінде Еуропа мен Азия елдерінен келген қонақтар қатысты. 4376 метрді бағындыруға тілек білдірушілер арасында кәсіпкер спортшылар, балалар мен ересектер те болды.

Айтулы додаға 16 жастан жоғары барлық қатысушылар бақтарын сынады, ал одан кішілері ата-аналарымен бірге қатысты. Айта кететін жайт, қатысушылар арасында Қазақстан қалаларымен қатар, ТМД елдерінен келгендер де болды.

"Мен алғаш рет тау шыңына шықтым. Қазақстанға іссапармен келгенмін, әріптестерім осы спорттық шараға қатысуға кеңес берді. Маған барлағы ұнады. Тағы бірнеше күнге қалу жоспарда бар", – деп бөлісті Ресейден келген қонақ Сергей Садовский.

Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің көмегімен Талғар асуында (3200 м), ал Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен Нұрсұлтан шыңында (4376 м) бұқаралық Альпиниада қатысушыларын тіркеу өтті. Нәтижесінде, соңына дейін 290 адам ғана жете алды. Олардың ішінде марафон және скайраннинг шеберлері Альпиниада жүлдегерлері атанды. Ерлер арасында 1 сағат 55 минутта бірінші болып Малик Абду-Асет келсе , ал әйелдер арасында Айжан Жомбатыр шыңды 2 сағат 27 минутта бағындырды.

Мәреде қатысушылар мен Шымбұлақ қонақтарын "Пандора" би тобы сергітті, ал "Галантус" тобы әсем әуен сыйлады.  Сахнада Павел Медведь диджейі кішкентай бүлдіршіндердің көңілінаниматорлар мен аулады. Бұл ерекше күн барлығы үшін жылы жүзді қатысушылармен, жартасты таулармен және де керемет ауа-райымен есте қалды.

Айта кетсек, Альпиниаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына сәйкес жастарды спортқа қызықтыру, белсенді тынығуды жастар арасында насихаттау.

Бұл спорттық шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

"Спорттық Алматы" бұқаралық қалалық бағдарламасы мегаполисте бұқаралық спорттың дамуына және белсенді спорттық тынығуды дәріптеуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу