"ҚазТрансОйл" АҚ "Павлодар –Шымкент" мұнай құбырының Шаян өзені арқылы өтетін суасты өтпе жолының жаңа учаскесін іске қосты, деп хабарлайды компанияның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті.
"ҚазТрансОйл" АҚ "Павлодар-Шымкент" магистральды мұнай құбырының Шаян өзені арқылы су асты өтпе жолының салынған учаскесін іске қосу бойынша жұмыстарды жүзеге асырды. Іске қосылған учаскенің ұзындығы - 442 м, диаметрі - 820 мм, қызметтік қысымы – 5,2 МПа.
Су асты өтпе жолын ауыстыру жүргізілген құбыр ішілік диагностика қорытындылары бойынша орындалды.
"Павлодар-Шымкент" магистральды мұнай құбырының аталмыш бөлігінде көптеген ақаулар анықталды, Шаян өзені толқынының үлкен жылдамдығына байланысты жыл сайын су шайып кету және ішінара жалаңаштану орын алған. Ал су асты өтпе жолының жаңа учаскесі мұнай құбырын қауіпсіз пайдалану мен экологиялық апаттардың пайда болу тәуекелін шектейді.
"Павлодар-Шымкент" магистральды мұнай құбыры Павлодар, Қарағанды, Түркістан облыстарының аумағымен өтеді. Ұзындығы – 1652 шақырым.