"Проблемалық кредиттер қоры" мен "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" бірігеді

1471

"Проблемалық кредиттер қоры" мен "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" бірігеді

ҚР үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ мен "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ-ны біріктіру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бұндай шешім біртекті активтерді біріктіру, қайталанатын функцияларды болдырмау, шығындарды азайту және ресурстарды шоғырландыру есебінен қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

Жалпы, қайта ұйымдастыру шаралары 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне ЖІӨ – нің 15% - ына дейін төмендету жөніндегі мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, ірілендірілген қор өзінің негізгі миссиясын - банктердің проблемалық активтерін сатып алу арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу, кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу және активтерді басқаруға кешенді көзқарасын сақтап қалады. Қазіргі уақытта қор: банк секторын сауықтыру және сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту сияқты екі стратегиялық бағытта жұмыс істейді.

Айта кетсек, ОАБК 1998 жылы Қазақстанның банк жүйесін нығайту үшін Дүниежүзілік банктің қаржы секторының бағдарламасы шеңберінде ҚР мемлекеттік оңалту банкінің базасында құрылған болатын. Ол республикалық бюджет есебінен бөлінген кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу