"QAZSPORT" ауыр атлетикадан әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді

871

20 қазақстандық атлеттің тек жетеуі ғана А тобында жарысады. Қалған 13 спортшы В және С тобында сынға түседі.

 "QAZSPORT" ауыр атлетикадан әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді

2-10 қараша аралығында Түркіменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасынан 20 спортшы қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды kaztrk.kz.

Айта кетейік, 20 қазақстандық атлеттің тек жетеуі ғана А тобында жарысады. Қалған 13 спортшы В және С тобында сынға түседі. А тобында жарысқа түсетіндер арасында Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов (73 кг), Арли Чонтей (55 кг), Рио олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков (– 102 кг), Азия чемпионы Рүстем Сыбай (96 кг) және команда құрамында Илья Ильин (102 кг) бар.

Ал, әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (55 кг) мен Надежда Лихачева (71 кг) А тобында жарысқа шығатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу