"Questra World" кімдерді алдап жүр?

1015

"Questra World" кімдерді алдап жүр?

Questra World қаржы пирамидасы Қазақстан азаматтарын шетінен алдап жатыр. Мәжілісмен Бекболат Тілеуханов осылай деп, бас прокурор Жақып Асановқа депутаттық сауалын жолдады.

Оның айтуынша жыл сайын жаңадан қатарға қосылатын қаржы пирамидаларының аты өзгергенімен, заты байырғыдай. Елді алдап, арбауына түсіру қызметін жалғастырып отыр. Әрине, бұған көпшіліктің әлеуметтік және экономикалық сауатының да төмендігі себеп. Шетелдік компаниялар Қазақстан нарығына кіргені үшін салық та төлемейді. Көп адам Questra World-қа кіру үшін баспана, көліктен бастап бәрін сатып, тіпті несие алады. Егер мұндай компаниялардың ісін әшкерелеп, ноқталамаса, зияны асқынып кетуі мүмкін.

Автор: Жалғас Зейнолла

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу