"Рахат" Универсиадаға арнап 8,5 тоннадан астам тәтті өнім дайындайды

1019

"Рахат" Универсиадаға арнап 8,5 тоннадан астам тәтті өнім дайындайды

28-ші қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу дирекциясы "Рахат" және "Dr. Web" АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Рахат" кондитер өнімдерін шығаратын белгілі ұлттық брендіміз болғандықтан, Универсиада қонақтары оның тәттілерінен дәм татуға тататын болады. Біздің елімізден "Қазақстан" дәстүрлі шоколадын кәдесый ретінде алып кетеді деп үміттенеміз. Универсиада кезінде 8,5 тоннадан астам шоколад, вафли және печенье ұсынылады. Оның екі тоннадан астамы қатысушыларды тамақтандыруға арналса, ал қалған бөлігі спорттық нысандарда өтетін баспасөз мәслихаттары мен ресми іс-шараларда тарту етіледі. "Dr. Web" компаниясымен серіктестік жасағанымызға қуаныштымыз. Аталмыш компания алдағы ойындарда ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. 2011 жылы 7-ші Азия ойындарында осы компаниямен жұмыс істегенбіз", – дейді  Қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру және өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Камилла Лұқпанова.

Еске сала кетейік, Универсиада Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 55 мемлекетінен келетін 2 мыңға жуық спортшылар қатысады. Бұл сайыс 8 нысанда спорттың 12 түрінен өтеді. Барлығы 543 медаль ойнатылады. Сондай-ақ, 3 мың еріктілер мен 30 мың отандық және шетелдік туристер келеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу