2018 жылдың басында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының сыртқы қарызы 18,5 млрд долларды құраған. Қазір бұл көрсеткіш 16,2 млрд долларға тең, деп хабарлайды abctv.kz.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, биыл қордың сыртқы қарызы 2,3 млрд долларға азайған.
"Дәл қазіргі уақыттағы біздің мақсатымыз – сыртқы борышы азайту, қаржылық тұрақтылықты арттыру және компаниялардың бағасын көбейту. Біз бар күшімізді осы мәселелерді шешуге жұмылдырудамыз", – деді Ернар Жанәділ "Үкімет үйінде" өткен брифингте.
Оның сөзінше, сыртқы қарыздың көп бөлігі, яғни шамамен 70%-ы "ҚазМұнайГаз"-ға, шамамен 20%-ы "Қазақстан Темір жолы"-на тиесілі. Қалған 10%-ы "Самұрық Энерго" мен басқа да компаниялардың үлесінде.