Бөлшек сауда нарығы негізгі экномикалық құрылымға айналуы тиіс. Әйтпесе, Қазақстанда өндіріс жүйесі ғана назарға алынып, тауар сату мен оны жеткізу қызметі мемлекеттік қолдаудан шеттетіліп келеді. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Сауда комитетінің бастауымен өткен жиында айтылды.
Жыл басында "Сауда жүйесін модернизациялау" бағдарламасы қолға алынған. Онда бөлшек сауда секторындағы бірқатар кедергілерді жою, жеңілдіктер жасау мәселесі қарастырылған. Құрылымдар арасында тіпті арнайы комиссия да құрылған. Нәтижесінде 50-ге тарта ұсыныс қаралып, тұжырымдама жасалып отыр. Құжат жыл соңында Үкімет қарауына жіберілуі тиіс. Оны жасауға – Малайзия, АҚШ, Ресей, Франция және Австралия үлгісі алынған.