Жүкті уақытылы жеткізубеу бойынша жолаушылардан шағымдардың жиілеуіне байланысты, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында халықаралық рейстерді орындайтын барлық авиакомпания өкілдерінің қатысуымен отырыс болды, деп хабарлайды ҚР ИДМ фейсбуктегі парақшасында.
Жиын барысында "Аэрофлот" және "Россия" авиакомпанияларының өкілдері 2017 жылғы 23 шілдедегі жүкті уақытылы жеткізубеу фактісі бойынша және "SCAT" авиакомпания өкілінің рейс кестесін бұзуы бойынша талқылау өтті.
"Аэрофлот" авиакомпаниясы өкілдігінің басшысы Владимир Кушниренконың ақпаратына сәйкес, жеткізудің орындалмауы ресейлік әуежайларда жүкті өңдеу жүйесінің бұзылуынан орын алған және қазіргі уақытта авиакомпаниямен ішкі тергеу жүргізіп, мұндай жағдайдың алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Мұнымен қоса, жүкті жеткізуді орындалмауын төмендету шаралары бойынша "Авиакомпания "Россия" АҚ өкілі Алмас Мамилиннің ұсыныстары тыңдалды.
Кездесу барысында "SCAT" авиакомпаниясының рейстерінің кешігуі мен болмай қалуы жағдайлары да ортаға салынды. "SCAT" Авиакомпаниясы" АҚ филиалының директоры Ирина Лупундюктың айтуынша, рейстердің кешігуі мен орындалмай қалуы 2017 жылғы 14 мен 16 аралығында компанияның бірнеше әуе кемесінің ақауына байланысты орын алған (а.ж. маусымында 2259 рейс орындалды, оның 420 рейсі кешікті, шілденің өткен мерзімінде 1826 рейс орындалды, оның 470 кешікті).
Кездесу нәтижесі бойынша авиакомпанияларға жүкті жеткізудің жаңылуын алдын алу бойынша шараларды қабылдау мен рейстер кешігуі мен орындалмай қалған жағдайда барлық тиісті қызметті көрсету қажеттілігі бойынша нұсқаулық берілді.