"Шапекоэнсе" 20 футболшымен келісімшартқа отырады

878

"Шапекоэнсе" 20 футболшымен келісімшартқа отырады

Футболшылары әуе апатынан қайтыс болған команда жаңа 20 ойыншыны қатарына қосады, деп хабарлайды khabar.kz.

Бразилиялық "Шапекоэнсе" клубы әуе апатынан кейін команданы қайта жасақтамақ. Сол апаттың салдарынан клубтың 19 ойыншысы мен бапкерлік штабы қайтыс болған еді. "Осы маусымда ойыншылар Фольман, Нето мен Рушельдің нөмірлерін қолданбайды. Рушель мен Нето алаңға оралып, өз нөмірлерімен ойнай алады деп үміттенеміз. Өкінішке қарай, Джексон Фольман ойнай алмайды, себебі оның бір аяғын кесіп тастауға тура келді. Бірақ  ол клубқа басқа қызмет бойынша келе алады", – деді клуб директоры Руи Коста.

Естеріңізге сала кетсек, "Шапекоэнсе" ойыншылары болған ұшақ 2016 жылы 28 қарашада Колумбияда апатқа ұшыраған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу