Енді елорда тұрғындары мен қонақтары "Smart Astana" мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасының көмегімен Астана қаласының ашық, маңызды әрі өзекті сервистеріне қол жеткізе алады.
Бүгінгі таңда қосымшада мемлекет және қала қызметтері, денсаулық сақтау, білім, ТКШ, қоғамдық көлік, туризм, коммерциялық қызметтер, ойын-сауық, хабарландырулар, қаладағы жаңалықтар мен оқиғалар, белсенді тұрғын сияқты 12 санат бойынша барлығы 30-дан астам сервис, сонымен қатар түрлі пайдалы виджеттер қолжетімді.
Мысалы, мемлекет және қала қызметтері мәзірінде 109 кезекші қызметіне өтінім беруге, әкімдікке қабылдауға жазылуға, өз бөліміңнің полиция қызметкерін табуға, өзіңнің тұрғын үйге кезегіңді қарауға болады.
"Денсаулық сақтау" мәзірінде барлық қосымшалар медицинамен байланысты. Мұнда қаланың барлық медициналық ұйымдары туралы ақпарат, қала картасындағы олардың орналасқан жері бар. Аталмыш мәзір керекті дәрігерді таңдауға және қабылдауға онлайн тәртіпте жазылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар онда жедел жәрдем, шұғыл қызметтер шақыру, 1300 call-орталыққа хабарласу және т.б. қызметтер бар. Айтып өтейік, қаланың барлық медициналық мекемелері электронды денсаулық сақтау жүйесіне 2018 жылдың ортасына дейін қосылады.
"Білім" қаттамасында тұрғындар өз балаларының балабақшаға кезегін қарай алады. Қаланың орта білім беру орындары туралы бүкіл ақпарат та осы мәзірде қолжетімді болады.
Бірыңғай есептеу орталығының барлық коммуналдық қызметтері үшін төлемді "Менің төлемдерім" мәзірінде жасауға болады. Ал пошта қызметтерін жиі пайдаланатындар үшін коммерциялық қызметтер қаттамасында "Қазпошта" ұлттық пошта операторының трекингін қадағалау опциясы қарастырылған.
Қосымшаның көмегімен "Көлік" қаттамасында пойыздар, ұшақтар мен автобустар кестесін қарауға болады. Сонымен қатар Uber таксиін шақыру және қалалық автобустардың бағытын қадағалау қызметі қолжетімді.
Қала сервистері қатарында қосымшамен белсенді демалыс та қарастырылған. Мысалы, "Астана 3D тур" қосымшасында елорданың көрнекі жерлерімен танысып, алдағы іс-шаралардың жарқағаздарын қарап, билет сатып алуға болады. Тамаққа тапсырысты немесе дәмханадағы немесе мейрамханадағы үстелге тапсырысты да осы қосымшаның көмегімен беруге болады, ал елордадағы түрлі орындар туралы ақпаратты "Welcome to Astana" қаттамасынан табуға болады.
Жеке кабинетте өз өтініштеріңді басқару, ең соңғы жаңалықтар, валюта бағамдары, ауа райы жағдайы мен қаланың елеулі іс-шаралары туралы бірінші болып білу, сондай-ақ түрлі сауалнамаларға қатысу – осының барлығы жаңартылған "Smart Astana" мобильді қосымшасының мүмкіндіктері.
Айтып өтетін жайт, жоғарыда тізбеленген барлық санаттар жыл соңына дейін жаңа сервистермен толығып отырады.