"Сталиннің өлімі" атты фильмнің алғашқы трейлері шықты. Көрермендер кинотаспаны Торонтодағы фестивальде бағалайтын болады, деп хабарлайды Brod.kz
Фильм Фабьен Нури мен Тьерри Робена есімді француз әзілдерінің негізінде түсірілген. "Сталиннің өлімі" биыл шілде айында ағылшын тілінде жарық көрген.
Фильмде КСРО билеушісі Сталиннің өлімінен екі-үш күн бұрын 1953 жылы наурызда болған оқиғаны баяндайды. Мұнда КСРО билігі үшін талас суреттелген.
Фильм қойылымымен Армандо Ианнуччи айналысты.
Картинаның актерлік құрамында Джейсон Айзекс (генерал Жуков), Стив Бушеми (Никита Хрущев), Руперт Френд (Василий Сталин), Андреа Райзборо (Светлана Сталина), Джеффри Тэмбор (Георгий Маленков), Майкл Пэйлин (Вячеслав Молотов) бар.
Аталған фильм Ресейдегі белсенділердің жағымсыз пікірлеріне қарамастан айналымға шығарылмақ.