"Toyota" компаниясы бірқатар кәсіпорында жұмысын тоқтатты

1170

"Toyota" компаниясы бірқатар кәсіпорында жұмысын тоқтатты

Жапониядағы дауылға байланысты елдің  29 мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғаттың тосын мінезіне байланысты тағы 1 миллион 600-дей адамға қауіпсіздік ережелерін жіті сақтау керектігі хабарланды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қатты желден 2 адам қаза болған.

Қазірде дүлей дауыл сағатына 50 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Алдағы уақытта оның жылдамдығы 160 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты "Тайота" компаниясы бірқатар кәсіпорында жұмысын тоқтатты. Кей өңірде теміржол қатынасы да үзілген.

Ауа райының қолайсыздығынан "Japan Airlines" бен "Аll Nippon Airways" әуе компаниялары да дүйсенбіде ұшуы тиіс 170 рейсті кейінге шегерді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу