Plaza Deportivo басылымына ойыншының өзі мәлім еткендей, испандық "Валенсия" оның ауысқаны үшін қазақстандық клубқа 300 мың еуро төлеуден бас тартып отыр. Бұл дегеніңіз, Максимович "Астанадағы" келісімшартын ойнап аяқтауы тиіс дегенді білдіреді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Максимович "Валенсияға" жазда аттанады. Испандық клубпен алдын ала келісімшартқа қаңтардың басында қол қойған. Келісімшарт 2021 жылға дейін есептелген және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін қарастырады. Осы уақыт ішінде Максимович "Валенсияда" 7 млн еуро табыс таппақ.
Сірә Максимович "Астанаға" екінші жаттығу жиынында келіп қосылатын болу керек. Футболшы Дубайдағы ОЖЖ өткізіп алды. Оның барысында клуб екі жолдастық кездесу өткізіп тастаған болатын.
21 жастағы Максимович "Астана" сапында 2015 жылғы ақпаннан бері өнер көрсетіп жүр. Команда құрамында екі маусым ішінде ол Қазақстанның чемпионатын екі рет және ел Кубогін бір рет жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде ойнады. Максимович 2015 жылы Сербияның жастар құрамасы сапында әлем чемпионы атанса, өткен маусымда ұлттық команда құрамында алғаш өнер көрсетті.