Қазақстан-Түркия кеден саласын нығайтуға мүдделі

1147

 Қазақстан-Түркия кеден саласын нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Түркияның сауда айналымы 2 млрд АҚШ долларын құрайды. Осы орайда алыс-беріс көлемін арттыру үшін транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану аса маңызды.

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында елші Абзал Сапарбекұлы Түркияның Кеден және сауда министрі Бюлент Тюфекчимен кездесіп, қос елдің кеден саласындағы өзара ынтымақтастығын талқылады, деп хабарлайды 24.kz. 
Қазір Қытай мен Еуропа арасында "Орта коридор" арқылы жүк тасымалдау екі мемлекетке де тиімді. Тараптар осы тұрғыда  таяуда ғана іске қосылған "Баку-Тиблиси-Карс" темір жолының мүмкіндігін жоғары бағалап,  "оның толыққанды жұмыс істеуіне кеден органдарының бірлесіп қызмет етуі қажет" деп атап өтті. Кездесуде Бюлент Тюфекчиге  "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл" медалі табысталды.
"Қазақстан – Түркия үшін аймақтағы ең сенімді сауда-экономикалық әріптесі. Бүгінде екіжақты қарым-қатынасымыздың көкжиегі кеңейіп, барлық салалар бойынша дамып келеді. Кеден органдарымыздың арасындағы екі жақты ынтымақтастық 2003 жылы қол қойылған Қазақстан мен Түркия кеден саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аясында жалғасып отыр. Қазақстанның өсіп-өркендеуі бізді қуантады. Өйткені қуатты Қазақстан аймақтың саяси, экономикалық тұрақтылығында үлкен рөл ойнайды", - дейді Бюлент Тюфекчи.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу